Новости

«Абай күніне» арналған челлендж аясында төртінші ашық дәріс

Филиалымызда «Абай күніне» арналған челлендж аясында төртінші ашық дәріс өтті.

Дәрісті филиалымыздың аға оқытушысы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Ғайния Есеева «АДАМ ЖАНЫ НЕГЕ МҰҚТАЖ? ЖЕТІНШІ ҚАРА СӨЗДІҢ ҚҰПИЯСЫ» тақырыбында өткізді. Дәріс барысында Ғайния Қалымжанқызы Абайдың жетінші қара сөзінің мәнін түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар Ғайния Қалымжанқызы бүгінгі күнге дейін Абайдың Қара сөздерінің өшпес өзектілігін атап өтті.

Дәріске филиал тыңдаушыларымен қоса, инстаграм желісі арқылы қызығушылық танытқан Қостанай қаласының тұрғындары қатысты.

Дәріс соңында Ғайния Қалымжанқызы келесі ашық дәріс өткізу челленджін Академия түлегі, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлына жолдады.

Келесі ашық дәрістің өту күні мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Ашық дәріске қатысып біліміңіз бен танымыңызды кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, құрметті оқырмандар!