2021 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курсын әзірлеген жобаларын қорғаумен табысты аяқтады.
Жобалық жұмыстарды қорғау емтихан комиссиясының ашық отырысында жүргізілді. Комиссия құрамына жобалық басқару бойынша сертификатталған мамандар, филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы мен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары кірді.
Тыңдаушылар ұсынған жобалық идеялар келесідей:
- — «Әр алуан, бірақ тең» жобасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету үшін сауықтыру лагеріне жолдамалар сатып алуды ұсынды;
- — «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін медицина саласында интеграциялау жобасы медицина мамандарының біліктілігін арттыру жүйесінде ақпараттың ашық тетігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді;
- — «Дені сау ұлт — дені сау ұрпақ» жобасының мазмұны жергілікті қауымдастықтың бұқаралық спорт түрлерімен айналысуына жағдай жасауға бағытталған;
- — «Жерқұнарлығын сақтау және арттыру» жобасы орманды қорғаныш белдеулерін отырғызу арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарына қатысты мәселелерді шешуді мақсат етеді;
- — «Баланың қауіпсіздігі — ата-ананың тыныштығы» жобасы аясында балаларды тасымалдауға арналған күтуші такси қызметін ұйымдастыру көзделген.
Жобаларды ресімдеуде тыңдаушылар қайта даярлау курсында алған білімдері мен дағдыларын, әсіресе жобалық басқару әдістемесі мен технологиясын пайдалана алды. Ұсынылған жобалық идеялардың ішінен жоғарғы бағаға ие болғандары “Тыңдаушылардың үздік жобасы — 2021” байқауына қатысады.
Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!