6 қыркүйек күні Академияда Қостанай облысы әкімдігінің басшылық құрамы үшін «Тиімді коммуникациялар» тақырыбында бір күндік семинар өтті. Семинар барысында Академия тренерлері Мұстафин Ерлан Сейткенұлы және Ибраева Жанна Досбекқызы тиімді коммуникацияның ерекшеліктері және келіссөздер жүргізу әдістері бойынша оқыту өткізді.
?Академияның Басқару институтының директоры Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына талдау жасап, «Адал Азамат» тұжырымдамасына тоқталып өтті.