Новости

Development day

5 қараша күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалында Б корпусының басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына арналған Development day өтетін болады.

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және осы орайда басты спикерлер А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып, Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі сектор меңгерушісінің қатысуымен «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл – тарихи жетістіктер» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Баяндамашылардың мемлекеттік құрылыстағы, экономикадағы, мәдениеттегі, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті трансформациялау, білім беру мен әлеуметтік салада көрген өзгерістері туралы сөз қозғалмақ.