Бугін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы Филиал директоры Бекахметова Ақерке Дауренбекқызы мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Бакенова Майра Біржанқызын Академия игілігі жолындағы істері мен лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғандары және қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, толағай табыстарға жетулерін тілейміз! Қостанай филиалының абыройы арта берсін!