News

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесе филиал ұжымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұйымдастырылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Кеңесте Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді іске асыру, мемлекеттік қызметті цифрландыру, этикалық кеңестердің жұмысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің 2021 жылға арналған статистикалық деректеріне сәйкес Қостанай облысында 630 мемлекеттік орган жұмыс істейді, олардың 441-і қалалық және ауылдық, 24 облыстық және 165 өңірлік болып табылады. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 5570 адамды құрайды, оның ішінде 3355 – ЖАО және 2215-ОМОАД. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5224 адам, оның 19,3 пайызы жас мемлекеттік қызметшілер. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшінің орташа жасы 40 жасты, мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 11 жылды құрайды.