Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова @apa.kz 2022 жылы магистратура және докторантураға оқуға түсу мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін ақпараттық сессия өткізді.
Кездесу дәстүрлі түрде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп онлайн форматта өтті.
Іс-шараға қатысушыларға қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру рәсімі, конкурстық іріктеу кезеңдері және оқуға қабылдау алгоритмі таныстырылды.
Кездесу тыңдаушылары тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Мысалы, оларды баламен жатақханада тұру мүмкіндігі, мемлекеттік органнан жолдамаға кім қол қоюы тиіс, оқудан кейін мемлекеттік органда қанша жыл жұмыс істеуі қажет және т. б. сұрақтар қызықтырды.