News

Абай Құнанбайұлы күніне орай «Өзіңнен өзің есеп ал» Абайдың он бесінші қара сөзі» атты ашық дәріс

«Абай күнін» мерекелеу аясында Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп челлендж форматында бірегей жобаға бастамашылдық етіп отыр.
Абай Құнанбайұлының қара сөздерін дәріптеу, әрі қазақ әдебиеті мен дүниетанымына сай танымдық ақпаратты тарату мақсатта өткізгелі отырған осы челлендж барысында филиал тыңдаушыларына және барлық тілек білдірушілерге ұлы Абайдың әр бір қара сөзіне арналып апта сайын ашық дәрістер өткізіледі деп жоспарлануда.✅

Бүгін жобанының тұсаукесер ашық дәрісі өтті. Алғашқы дәрісті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхамедқали «Өзіңнен өзің есеп ал. Абайдың он бесінші қара сөзі» тақырыбында өткізді. Тұсаукесер барысында Ринат Зәкиұлы Абайдың он бесінші қара сөзінің мәнін түсіндіріп, ұлы қазақ ақыны мен ойшылының өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Дәріске филиал тыңдаушыларымен қоса, инстаграм желісі арқылы қызығушылық танытқан Қостанай қаласының тұрғындары қатысты.

Дәріс соңында Ринат Зәкиұлы келесі ашық дәріс өткізу челленджін қоғам белсендісі, “Мирас” кеңесінің басшысы, ұлт жанашыры, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызына жолдады.

Келесі ашық дәрістің өту күні мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Ашық дәріске қатысып біліміңіз бен танымыңызды кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, құрметті оқырман!