News

Алтынсарин ауданы әкімі аппаратындағы филиал күні

Бүгін «Мемлекеттік органдардағы филиал күні» жобасы аясында @apa.kz Қостанай филиалының қызметкерлері Алтынсарин ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, «Тайм-менеджмент және қызмет өнімділігі» тақыбындағы тренинг өткізіп келді. Уақытты басқару арқылы қызметтің өнімділігін жақсарту мақсатында бүгінгі таңда көп міндеттіліктің зияны туралы айту өте маңызды. Нейрофизиологтардың зерттеулерінше, бір ғана міндетті атқару зейінді, есте сақтау қабілетін жақсартады және күйзелісті азайтады. Кездесуге қатысушыларға Филиал доценті Т.В. Зуева «Егер сіз жақсы жұмыс істегіңіз келсе, онда бір уақыт аралығында тек бір міндетті орындаудың пайдасы үшін көп тапсырмадан бас тартуыңыз қажет» – деген кеңес берді. Тренинг барысында тапсырма ережелері және Паретто қағидасы және «60:40», маркография және Альпі әдістері, Эйзенхауэр матрицасы, хронофагтар және желіні жоспарлау, Гант диаграммасы сияқты уақытты басқарудың классикалық құралдары ашылды.

Қостанай филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова Филиалдың жергілікті атқарушы органдарына жобалық менеджмент бойынша оқыту және кеңес беру, ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі» Халықаралық стандартын енгізу, мемлекеттік қызметшілерді Академияға оқуға түсуге дайындау, қызметшілердің құзыреттерін бағалау үшін ассесмент-орталығын өткізу және т.б. сияқты көрсететін қызметтердің кеңейтілген желісімен таныстырды.

Сондай-ақ, басты мәселе ретінде жас мемлекеттік қызметшілерді Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға ынталандыру, қағидалар мен рәсімдерді түсіндіру тақырыбы да қарастырылды.

Филиал осындай кездесулерді тұрақты негізде мемлекеттік органға немесе мекемеге алдын ала өтінім бойынша барып өткізеді.