ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы “Мемлекеттік органдардағы филиал күні” аясында көшпелі іс-шаралар сериясын жалғастыруда. Кезекті сапар ағымдағы жылдың 05 мамырында Б. Майлин Аудан әкімі аппаратында іс-шара өткізілді.
Іс-шара аралас форматта өтті, себебі мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігі онлайн ZOOM арқылы қосылды.
Филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бәкенова филиалдан жергілікті атқарушы органдар ала алатын қызметтердің кеңейтілген желісін таныстырды, олар: жобалық менеджмент бойынша оқыту, сертификаттау және ISO 37001 “парақорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі” халықаралық стандартын енгізу бойынша кеңес беру, АПП оқыту және т. б.
Кездесудің басты сәті мемлекеттік қызметкерлерді академияға түсуге ынталандыру, ережелер мен рәсімдерді түсіндіру болды.
Филиал доценті Татьяна Зуева “Тиімді коммуникациялар” промо-тренингін өткізіп, мемлекеттік қызметшінің коммуникативтік менеджментінің негізгі аспектілері ашылды. Қатысушыларға коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру үшін коучингпен ұзақ оқыту қажет екендігі белгілі болды.
Филиал осындай кездесулерді кез келген мемлекеттік органға алдын ала өтінім бойынша барып өткізеді.