News

БРИФИНГ

Бүгін аумақтық коммуникация қызметінің базасында филиал директоры Ақерке Бекахметованың қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу мәселесі бойынша брифинг болып өтті.

Қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістер туралы айтылды, атап айтқанда:

  • биыл іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органның жолдамасын ұсыну мүмкіндігі туралы, яғни оқуға іріктеуден сәтті өтіп оқуға шартты түрде қабылданғаннан кейін барып мемлекеттік органнан жолдама алуға болады
  • барлық бағдарламалар бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған халықаралық сертификаттар түрлеріне талап кеңейтілді, TOEIC, PIPPLET тесттерінен өтуге болатын болды.
  • Магистратура білім беру бағдарламаларының саны 7-ден 10-ға дейін, докторантура білім беру бағдарламаларының саны 2-ден 3-ке дейін көбейтілді.
  • MPA бағдарламасына (МСҰМ) үміткерлер санаттарының тізімі кеңейтілді (оның ішінде A-3, B-3, C-3, C-O-3, D-3).
  • Конкурстық іріктеу кезеңі қайта қаралды. Магистратура бағдарламаларына конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады: кейсті шешу, сұхбат. Магистратураның модульдік оқыту принципі бойынша EMPA бағдарламасына бір кезеңнен: сұхбат. Докторантура бағдарламаларына үш кезеңнен тұрады: кейсті шешу, сұхбат, зерттеу жұмысы (research proposal) жоспарының жобасын бағалау.
  • Мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнын сақтай отырып, Академияда ақылы негізде оқуына мүмкіндік беретін келісімшарт түрі енгізілді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен магистратураға 120 және докторантураға 12 грант бөлінетінін естеріңізге саламыз.

Pre-sessional курстарын өткізу тәжірибесі жалғасуда.

Магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 23 шілдеге дейін жалғасады.