News

Development Day. “Достығы жарасқан ел – Қазақстан” кітап көрмесі

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай  облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен тыңдаушылары 2022 жылдың  24 ақпанында Development Day аясында ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орай Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және Л.Н.Толстой атындағы  Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері дайындаған “Достығы жарасқан ел – Қазақстан” тақырыбындағы иллюстрациялық кітап көрменің тұсаукесеріне қатысты.

Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары Қазақстанның көпұлтты халқы туралы, елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығы туралы әдебиеттермен, Қазақстан мен ТМД елдерінің этностарының мәдениеті мен халық шығармашылығы туралы материалдармен танысты. Көрмеде ұсынылған кітаптарға қатысты А. Байтұрсынов атындағы  Қостанай өңірлік университетінің  тарих ғылымдарының докторы,  профессоры  Дмитрий Легкий және  ҚР Білім беру ісінің үздігі Светлана Петровна өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ тыңдармандар “Раздолица” Қостанай ансамблінің  өнерін үлкен қызығушылықпен қабылдап, орыс халық әні стилінде композицияларды тамашалады.

Іс-шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді, туған жерге және өз тарихына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды.