News

“Дизайн-ойлау” семинары

“Дизайн-ойлау” семинары ағымдағы жылдың 18 наурызында 18 тыңдаушыны жинады. Дизайн-ойлау құралдарын зерделеу және мемлекеттік қызметшілердің практикалық қызметі контексінде пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру, кәсіби құзыреттердің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік қызметшілер қызметінің өнімділігін арттыруға бағытталды.

Тыңдаушылар нақты мысалдармен проактивті мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі сипаттамаларын талдап, “адамдар бірінші кезекте” адамға бағытталған қағидаты қандай қызметте іске асырылатынын түсінді.

Мұны тыңдаушылардың кері байланыс барысында берген жауаптары дәлелдейді.

Мәселен, “Дизайн-ойлау” семинары мені – “барлық проблемалардың шешімі бар, бастысы-оған дұрыс қарап, уақтылы көру”;

  • – “икемді ойлауды дамытудың маңыздылығы, үйреншікті шеңберден шығып, көрсетілетін қызметті алушылардың мүдделерін негізге ала отырып, өзгерістерге уақтылы ден қою қажет”;
  • – “командада жұмыс істеудің маңыздылығы”;
  • – “бұл технологияны өзін-өзі жетілдіру және одан әрі тәуелсіз зерттеу қажеттілігі туралы ойлануға итермеледі” – деді тындаушылар.

Семинар мемлекеттік қызметшілердің базалық құзыреттіліктерімен қатар, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, жеделділік, өзін-өзі дамыту сияқты саралаушы құзыреттердің дамуына ықпал етті.