News

«Экологиялық проблемалар: ҚТҚ көлемін ұлғайту – өңірдің жер ресурстарының ластануы» семинары

Уақыт   өткен  сайын  біз жаһандық мәселелер  туралы ойланамыз, яғни бізді қазіргі уақыт пен болашақ, өсіп келе жатқан ұрпағымызға қандай әлемді қалдыратынымыз, олар қандай жағдайда өмір сүреді, қандай ауамен дем алады, қай жерде жүреді деген ойлар мазалай бастайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда, мысалы, полигондарда 120 млн тоннадан астам қоқыс жиналды. Қатты тұрмыстық қалдықтар  (бұдан әрі -ҚТҚ) жер ресурстарының ластануы біздің өңір үшін де өзекті мәселе. Тек бір  ғана біздің облысымызда биыл 618 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі табылып отыр.

Қоқысты кәдеге жарату және қоқыс астындағы жерді қалпына келтірудің бүгінгі күні қандай  амал тәсілдері бар екендігі  және олармен қалай күресуге болатындығы туралы @apa.kz – ның Қостанай филиалында  а.ж. 15 қазанында ұйымдастырылған «Экологиялық проблемалар: ҚТҚ көлемін ұлғайту – өңірдің жер ресурстарының ластануы»  атты семинарының  қатысушыларымен  талқыланды.  Аталған семинарды Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Елеусенов жүргізді.

 Интерактивті режимде экологиялық кодекстегі инновациялар бойынша пікірталас өтті. Бүгінгі таңда басты ерекшелік – ластаушы мемлекетке айыппұл төлеп қана қоймай, өз күшімен белгіленген мерзімде өзінің экологиялық салғырттығының салдарын жойып, табиғатқа келтірілген залалды өтеу қажет. Спикер спутниктен зондтау кезінде жасалынған ҚТҚ рұқсат етілмеген полигондарының суреттерін  семинар тыңдаушыларының назарына  ұсынып, волонтерлік бағдарламамен, сонымен қатар смартфонға жүктеп, оның көмегімен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің фотосуреттерін бақылаушы органдардың сайтына жіберуге болатын қосымшамен таныстырды.

Семинар тыңдаушылары  осы саланың  мамандары болғандықтан  талқыланған тақырыпқа өте белсенділік танытып, тыңдаушылар  өз ойларын ортаға  салып,  қазірігі таңның  өзекті мәселелеріне  тоқтала отырып, тәжірибелерімен бөлісті, талқылау барысында  қызу пікірталастар да болды.  Семинарымыздың екінші  бөлігінде  қатысушылар рұқсат етілмеген полигондарда болып, біздің облыстағы ҚТҚ басқару саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларымен танысты.