Ағымдағы жылдың 19 және 20 мамырында Қостанай облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығы базасында Облыстық ҮЕҰ әлеуметтік идеялары мен жобаларының жәрмеңкесі аясында жобалар мен әлеуметтік идеяларды қорғау өтті. Оларды өңірдің ҮЕҰ және бастамашыл топтар ұсынды.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы 2020 жылы қол қойылған «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» ҚҚ (Азаматтық бастамалар) серіктестік туралы келісім аясында Филиал атынан конкурстық комиссия мүшелерінің құрамына кірген доцент, PhD докторы және жобалық менеджмент бойынша кеңес беруші тренер Татьяна Зуева Жәрмеңке жұмысына қатысты.
Конкурс 200 мың теңге сомасына 9 шағын жобаны және 400 мың теңге сомасына 4 жобаны қаржыландыру үшін үздік жобалық идеяларды іріктеуді көздеді.
Конкурсқа 60-тан астам бастамалар мен жобалар ұсынылып, оларды бағалау критерийлері анықталды:
– өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;
– жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырылуы;
– жобаның инновациялылығы мен бірегейлігі;
– Өтінім берушінің жобаны іске асыруға тартатын өз үлесі мен қосымша ресурстары, оны одан әрі дамыту перспективалары;
– жобаны іске асыруға жоспарланған шығындар мен оның күтілетін нәтижелерінің арақатынасы болды.
Аталған Жәрмеңке Қостанай облысында дәстүрге айналды және облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оператор Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҮЕҰ Қостанай облыстық ресурстық орталығы болып табылады. Бұл серіктестік Филиалға өңірдің мемлекеттік органдарымен сындарлы өзара іс-қимылды ұстануға және облыстың мемлекеттік қызметшілерін оқыту кезінде кейстер ретінде пайдалану үшін нақты материалдар алуға мүмкіндік береді.