News

«Мәслихаттардың рөлі мен потенциалын күшейту» семинары

2021 жылдың 19 қазанында @apa.kz Қостанай филиалының конференц-залында -Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының  (ары қарай- ҚПДҚ)  ұйымдастыруымен Қостанай облысының облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен  әлеуетін күшейту» тақырыбында бірегей семинар болып  өтті.

Семинар USAID және Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Internews-пен бірлесіп өткізілді. Аталған ұйымдардың өкілдері мен басшылары семинардың ашылуында сөз сөйлеп, өздерінің  лебіздерін білдірді, оларың ішінде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещановта іс-шараның мәслихат депутаттары үшін маңыздылығын атап өтті және Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалымен өңір депутаттарын оқыту және біліктілігін арттыру ісінде одан әрі жемісті ынтымақтастықта жұмыс атқарылатындығына сенім білдірді.

Мәслихаттардың құзыреті мен ашықтығы, сайлаушылармен өзара іс-қимыл тәсілдері, бюджет процесі туралы дәрістермен келесі сарапшылар сөз алды:

  • Мереке Ғабдуалиев-«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін заңнама институты» жобасының мемлекет істерін басқаруға және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысу құқығы жөніндегі ғылыми жетекші, заңгер-конституционалист, заң ғылымдарының кандидаты;
  • Андрей Чеботарев – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры;
  • Шолпан Айтенова – «Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымының тең құрылтайшысы және атқарушы директоры.

Тыңдаушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға өз білімдері мен құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, қызмет барысында  осындай оқыту семинарларын өткізудің  қажеттілігін атап өтті.