News

«Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. ҚСХҚЕС»

Сонымен, құрметті біздің оқырмандар, қазан айынан бастап біз оффлайн оқыту форматына көшеміз.

«Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. ҚСХҚЕС» тақырыбында біздің соңғы онлайн семинарымыз болып өтті.

Аталған семинарымызға  қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің мамандары қатысты.

Семинардың басты  мақсаты-есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізумен танысу және қаржылық есептілікті жасау.

Оқыту шеңберінде кәсіби тренерлер мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің нормативтік құқықтық құжаттарын, есеп саясатын және бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын, ҚСХҚЕС сәйкес есептеу әдісі бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін жасауды түсіндірді.

Тренерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласынан мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдарда мол тәжірибесі бар мамандар, сертификатталған кәсіби бухгалтерлер – Нұрия Әшірова мен Гүлмира Смағұлова шақырылды.

Семинарға қатысушылар тренерлермен бірлесіп кейстерді талдап, ситуациялық есептерді шешіп, қаржылық есептілік нысандарын толтырды.

Семинарға қатысушылар берілген материалдардың өзекті және мазмұнды болғанын айтып, талқыланған мәселелерге ерекше қызығушылық танытты, көптеген сұрақтарға жауаптар алды.