«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру факторы ретінде» – осындай тақырыпта кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті (МҚІАД) ұйымдастырған «дөңгелек үстелдің» онлайн отырысы өтті.
Іс-шараға Отбасы банкінің, кәсіпкерлер палатасының, «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының, облыстық басқармалардың және т.б. ұйым өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелде» спикер ретінде @apa.kz Қостанай филиалының профессоры Зәмзәгүл Шахаман мемлекеттік қызметшілердің кәсіби күйзелісіне қарсы күресте коучинг технологияларын қолдану мәселесі бойынша сөз қозғады.
Өз сөзінде спикер «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының» талаптарына сәйкес бүгінгі күні басшыларға үлкен жауапкершілік жүктелетіні жөнінде атап өтіп, басқарудың бюрократиялық моделінен сервистік, қайырымды, адамға бағдарланған модельге көшуді атап өтті.
МҚІАД басшысы Асхат Искендиров кездесу барысында өңір басшыларын өз қызметкерлерінің қажеттіліктеріне мұқият болуға, ҚР Еңбек кодексімен және Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексімен бекітілген құқықтарын сақтауға шақырды.