Қостанай филиалы облыстың жас мамандарын Президенттік жастар кадр резерві республикалық жобасымен таныстыруды жалғастыруда.
Кеше Қостанайоблысы Федоров ауданы Федоров ауылында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Федоров ауданы аппаратының қызметкерлерімен, сондай – ақ ауыл ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлерімен «Президенттік жастар кадрлық резерві-жас мамандарға арналған әлеуметтік лифті» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар жобаның өзімен, өтініш беру рәсімімен және конкурсқа кімдердің қатыса алатыны жөнінде ақпарат алды. Филиалдың білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және жүзеге асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова кадр резервіне үміткерлерді іріктеудің негізгі талаптары мен өзінің үміткерлеріне ашатын мүмкіндіктерге баса назар аударды.
Кездесудің қатысушылары мемлекеттік тілді білу бойынша сертификатталған емтиханнан өту мәселелері, сондай-ақ іріктеу кезеңдері ерекше қызықтырды.
Кездесу соңында Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы Альмира Қойшыбаева спикерлерге алғысын білдіріп, бұл жоба жастарға өзін көрсетуге мүмкіндік беретінін және жастарды жобаға қатысуға белсенділік танытуға шақырды.