News

Қостанай облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметімен ұйымдастырылған іс жүргізу және мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері бойынша онлайн семинары

2021 жылғы 30 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің іс қағаздарын жүргізу және оқыту мәселелері бойынша Академия филиалының, өңірдің қалалары мен аудандарының кадрлық қызметтерінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қатысуымен онлайн режимінде семинар өткізілді.

Аталған іс-шара спикерлерінің бірі Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова  болды, өз сөзінде 2021 жылдың 9 айында ЖАО және облыс әкімі аппараты басқармаларының мемлекеттік қызметшілерін оқыту бойынша жоспар-кестенің орындалуымен,  мемлекеттік органдар ала алатын Филиалдың кеңейтілген қызметтер  желісімен таныстырды.

Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілерін оқытуды ұйымдастыруда өзара әрекеттің бірыңғай механизмін құру үшін семинар пайдалы болды, себебі Елбасы қойған міндеттерді табысты іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшілердің тиімді аппаратын қалыптастыруға байланысты. Демек, мемлекеттік аппараттың жұмыс істеуі елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының басымдықтарының бірі болып табылады және білікті кадрларды даярлау әрқашан мемлекеттік басқару саласы үшін өзекті міндеті болды да, одан әрі болып та қала береді.