News

«Сараптамалық пікір»

Бүгін «Сараптамалық пікір» айдарында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі Майра Бакенова біздің филиалда білім алу туралы толығырақ айтып береді.

 

Академия филиалы Қостанай облысы мемлекеттік қызметшілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру драйвері

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке дамуының тірегі болды. Дәл осы жерде «Б» корпусына жататын өңірдің мемлекеттік қызметшілері өз біліктілігін арттыруға және кәсіби қызмет үшін қажетті құзыреттерді әзірлеуге мүмкіндік алады.

Академия Филиалының қызметі «Б» деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға бағытталған: D-3 (құрылымдық бөлімшенің бастығын есептемегенде), D-4, D-5,С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-O-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санатындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларында оқыту; D-3 (құрылымдық бөлімшенің бастығын есептемегенде), D-4, D-5, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-O-2, D-O-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санатындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқыту.

Мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті тиімді іске асыру үшін Филиал қызметін үнемі жетілдіреді.

Жыл сайын біліктілікті арттыру семинарларындағы және қайта даярлау курстарындағы пәндерінің сұранысқа ие тақырыбы бойынша Филиал 40-қа жуық оқытушыны сабақтарды өткізу үшін тартады, олардың 25%-ы ғылыми дәрежеге ие; 60%-ы мемлекеттік қызмет практикасының жаттықтырушы оқытушылары, сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласынан лекторлар тартылады. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету үшін Филиалдың ПОҚ кейстер, әдістемелік құралдар, көрсетілім материалдар, лайхфактар және т.б. дайындайды.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғырту soft skills (икемді дағдылар), яғни тыңдау және есту қабілеттерін дамытудан басталады. Мемлекеттік қызметшілер сана-сезім мен заңды сақтаудың үлгісі болуға тиіс. Салауатты ақыл-парасаттылыққа ұмтылу, жұмыста да, өмірде де күш пен уақытты оңтайландыруға үйретеді.

Өзін-өзі дамыту – әрқайсымыздың әлеуетімізді арттырады!

Өз білгеніңіз бәсекеге қабілеттілігіңізді білдіреді!