Қазан айының 4-6 аралығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Шешендік өнер» атты семинар өтті. Қатысушылардың құрамында Қостанай қаласы, Жангелді, Амангелді, Ұзынкөл, Мендықара аудандарының мемлекеттік қызметшілері болды.
Семинар тренері Айгүл Қасаболат, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі семинар барысында әлемдік деңгейдегі ораторлардың сөйлеу дағдылары мен шеберліктерінен өз пікірін тиімді жеткізе біліп, арнайы түсірілген видеолар мен презентациялар қолданды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін өз ұсыныстарын кейс түрінде ұсына білуі маңызды болды. K. Popper, Линкольн Дуглас форматтарында кейс ұсына білу әдістемесімен жұмыс жүргізу тәсілдері үйретілді. Кейсті презентация түрінде қорғау тапсырылды. Қатысушылар қазіргі күннің талабына сай презентацияларды жасауды үйренді. Интервью алу әдісі, фишбоун, колб әдістері белсенді қолданылды.
Тиімді қарым-қатынас құру бойынша тренинг жүргізілді. Тыңдаушылар өз пікірлерін дәлелмен айтуды, мәселелік жағдайларды талдай білуде жұрт алдында сөйлеуді дағдыларын үйренді.