News

“Тайм-менеджмент және қызмет өнімділігі” семинары

2022 жылдың 18 наурызында Қостанай тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін “Тайм – менеджмент және қызмет өнімділігі” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинары өтті.

Филиалдың шақыртылатын тренері  Шолпан Нұрқанова уақытты басқару құралдарын, техникалары мен әдістерін қолдану есебінен қызметтің өнімділігін арттыруға байланысты семинар мәселелерін жария етті.

Жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға хронофагтарды анықтау және жою, уақытты бөлу, Паретто қағидасы мен Эйзенхауэр матрицасына негізделген басымдықтар мен әдістер туралы айтылды.

Сонымен қатар, егер тиімді жоспарлау әдістері мен құралдарын, мысалы, Альпі әдісі, желіні жоспарлау, Гант диаграммасы және басқаларын ұтымды қолданса, уақытты басқаруға болатыны туралы да баяндалды.

Семинар тренинг форматында, оқу материалы көлемінің 70% – ын нтерактивті тәсілдерді пайдалана отырып өткізілді.

Уақытты тиімді пайдаланудың практикалық құралдарын игеру мемлекеттік қызметшінің қызметін басқару, жеделдік, өзін-өзі дамыту сияқты құзыреттерін дамытуға бағытталды.