News

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

Ағымдағы жылдың 28 қазанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) ұйымдастырған ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында филиалдың жұмысы туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде ол ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларында өңірдің мемлекеттік қызметшілерін оқыту мәселелеріне тоқтала кетті.

Отырысқа қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Смағұлов мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және жобалық менеджмент тақырыптары бойынша оқытудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың негізгі тақырыбы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Департамент бас0армаларының басшылары мен мамандары ұсынаған есептілік болды.

Департамент басшысы Асхат Ескендіров әріптестерін алдағы уақытта жұмыс барысында олқылықтар мен бұзушылықтардан аулақ болудан шақыра отырып, осы саладағы проблемалық мәселелер пулын қалыптастыруды және оларды оқыту барысында мемлекеттік қызметшілермен пысықтау үшін филиалға жіберуді ұсынды.