News

«Халықты әлеуметтік қорғау: даму мәселелері мен перспективалары» семинары

«Халықты әлеуметтік қорғау: даму мәселелері мен перспективалары» семинарына ауыл әкімдігінің маманынан бастап аудан/қала әкімдігінің бөлім басшысына дейін әр түрлі деңгейдегі, алайда жалпы бағыт пен қызмет саласы бір 30-ға жуық тыңдаушының басын қосты. Бұл тыңдаушылардың семинардан күтетін үміттерін талдау нәтижелері бойынша семинар бағдарламасын дайындау кезеңінде де айқын болды.

Бұл семинар бағдарламасының мазмұнына, мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мәселелерді анықтауға негіз болды.

Спикерлермен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің ҚР 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – тұлғаға бағытталған мемлекеттік басқару» жалпыұлттық басымдылығы және ҚР-дағы мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі “ең алдымен адамдар” тұжырымдамасының халық үніне құлақ асатын мемлекет және тиімді мемлекет қағидаттарының стратегиялық құжаттарды іске асыру бойынша іс-қимылдарын нақты айқындады.

Нәтижесінде семинар мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігінің бірыңғай шеңберінің құзыреттілігін арттыруға ықпал етті:

  • қызметті басқару;
  • ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;
  • 5 базалық құзыреттілік.

Тыңдаушылар нақты мысалдармен арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік сүйемелдеуді және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдаудың басқа да тәсілдерін қарастыра алды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.