News

«Жастар және референдум» семинары

Ағымдағы жылдың 31 мамырында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында БКБ арқылы «Жастар және референдум» республикалық семинары өткізілді.

Аталған іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығы ұйымдастырды. 

Семинарға ҚР Орталық референдум комиссиясы, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті, республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенділері, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындары мен кәсіпорындардың Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Семинар жұмысына Қостанай облысынан онлайн форматында «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ жастар істері және азаматтық қоғам бөлімінің бастығы Әлішер Валиев және «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, атап айтқанда, Ақбота Мырзагалиева, Айгерім Сеилханова, Мерует Иманова қатысты.

Семинардың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сөз сөйледі, ол Орталық комиссияның жұмысы, сондай-ақ референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қандай мәселелер туындайтыны жайлы айтты. Аталған референдумның жұмыс тәжірибесін және шетелдік сарапшылардың жұмыс тәжірибесін енгізе отырып, әдістемелік құрал жасау бойынша қызықты ақпарат берілді.

Конституция баптарының өзгерістері бойынша толық баяндаманы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ұсынды.

Екінші бөлімі «Saılaý pikir» диалог алаңы ретінде ұсынылды, онда жастар ұйымдары мен жастар өкілдері қазақстандық жастардың сайлау сауаттылығын, белсенділігі мен мәдениетін арттырудың өзекті мәселелері бойынша сөз сөйледі.