Ағымдағы жылдың 4 наурызында “Жобалау қызметіндегі өзгерістерді басқару”біліктілікті арттырудың 40 сағаттық семинары өз жұмысын аяқтады.
Бірінші күні тыңдаушылардың тек 10%-ында жобалық менеджмент туралы жалпы түсінік бар екенін көрсетті. Сондықтан жаттықтырушылар өз пәндерінің тақырыптарын қолжетімді, ал ең бастысы – оқып жатқан мемлекеттік қызметшілердің функционалына қатысты өзектендіру үшін көп күш жұмсауға тура келді. Біз бұған қол жеткіздік: кері байланыс сауалнамаларында семинардың функционалдық бағыттарға тақырыптық сәйкестігін тыңдаушылардың 50% атап өтті, ал алынған білімнің практикада қолданылуын 64,3%-ы. Бұл жағдай біліктілікті арттыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жұмысындағы проблемаларды көрсетеді.
Семинардың теориялық бөлімінде келесідей сұрақтар ашылды:
- Жобалық менеджмент негіздері. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық басқару деңгейлері.
- Өзгерістер теориясы: модельдер мен стратегиялар.
- Жобаны басқару әдіснамасындағы өзгерістер теориясы.
- Жобалардағы мақсат қою арқылы өзгерістерді басқару.
- Облыстық жобалық кеңсенің жұмысы. Қостанай облысында ұлттық жобаларды іске асыру.
- Жобаларды іске асыру тиімділігін бақылау және бағалау.
- Жобалау қызметіндегі талдау әдістері.
- Өңір деңгейінде іске асыру үшін жобалық идеяларды әзірлеу және қорғау.