Ағымдағы жылдың 4 наурызында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинарында Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов “Филиалдағы әкім күні” жобасы аясында қонақ дәріс өткізді.
⠀
Әңгіме барысында Жансұлтан Қоңыртайұлы өзінің еңбек қызметі және өңірдің дамуы туралы баяндады. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар, атап айтқанда, Аманқарағай ормандарындағы өрттен кейінгі жағдай туралы, өрттен зардап шеккендерге берілген тұрғын үй жай-күйінің сапасы туралы және болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін әкімдік тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, өңірдегі су тасқынының алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатқандығы айтылды.
⠀
Жалпы, кездесу барысында өңірлер үшін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қызу талқыланып, тәжірибе алмасу тұрғысынан тыңдаушылар үшін пайдалы ақпараттар берілді.
Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукеновтың қонақ дәрісі
