18.02.2022 жылы сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалында «Жобалық басқару: мемлекеттік қызметшінің инклюзивті санасына назар аудару тақырыбында» Development Day өтті.
Оған » В» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты. Панельдік пікірталасқа қатысушылар спикерлер Алексей Куликов («Перекресток» ҚҚ көшбасшысы), Шынар Жалмұхамедова («Stop autism» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары ҚБ көшбасшысы) және Айсұлу Күзенбаевамен («АманатиК» дамуды түзету орталығының басшысы) инклюзивті мемлекеттік қызметтің мәні мен мазмұны туралы пікір алмасты.
Қостанайлық ҮЕҰ көшбасшылары мүгедектігі бар адамдар үшін іске асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар туралы айтып, халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.