ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (МБА) білім алудың мемлекеттік қызметшілер үшін тиімді жақтары мен артықшылықтары қандай?
Аталған мәселе аясында ағымды жылдың 24 қарашасында Академияның келесі спикерлері өз ойларымен бөлісті:
— Әсет Абжаков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының академиялық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары (МБА, Нұр-сұлтан қ.);
— Ақерке Бекахметова, МБА-ның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, МБА түлегі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі;
—Асхат Искендиров, Қостанай облысы бойынша МҚІМД департаментінің басшысы, МБА-ның Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің түлегі.
Аталмыш кездесуге қатысқан «Шешім қабылдау. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасау» семинарының тыңдаушылары академияның оқу бағдарламалары туралы, оқуға түсу ережелері, оқу барысы, жақын және алыс шетелде тағылымдамадан өту шарттары туралы, «өндірістен қол үзбей» яғни модульдік оқыту нысаны бойынша оқудан өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ Академияның дипломдарын алумен және ондағы оқу процестерімен байланысты Қостанай МБА түлектері қауымдастығы мүшелерінің оң тәжірибесі туралы мағлұматты спикерлердің өз ауыздарынан естіп, құнды ақпараттар алды.
МБА-да жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың артықшылықтары туралы алынған ақпараттар мен маңызды дәлелдер шешім қабылдау мәселесін қарастырған семинардың өзектілігін одан сайын аша түсті. Тек бұл жолы өзіне, болашақ кәсіби мансабына және қарқынды өзгеріп жатқан заманда жеке дамуына қатысты шешім әркім өзі қабылдауы керек екендігі анық.
Әсет Талғатбекұлына өз тарапымыздан Академия филиалына келіп, тыңдаушылармен мазмұнды сұхбаты үшін алғысымызды білдіреміз!