Жаңалықтар

ISO 37001 парақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесінің халықаралық стандартын енгізу кеңес отырысы

Өткен жұмада облыс әкімдігінде парақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесінің ИСО 37001 халықаралық стандартын енгізу және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске квазимемлекеттік сектор ұйымының басшылары шақырылды.

Спикерлер ретінде ҚАПК превенция басқармасының Қостанай облысы бойынша басшысы Мырзахметова Айгүл Әмірқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының сарапшысы Айдарханов Асан Дулатұлы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Бекахметова Ақерке Дәуренбекқызы сөз сөйледі.

Отырысты Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі Әлжанова А.М. қорытындылады.