Жаңалықтар

“Тімді іскерлік коммуникациялар” семинары

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының аясында «Тімді іскерлік коммуникациялар» тақырыбы бойынша үш күндік семинар аяқталды. Семинарға Қостанай, Арқалық қалалары мен Жангелді ауданының  мемлекеттік қызметшілері қатысты.

«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекеменің басшы орынбасары Абылайхан Какенов спикер ретінде тиімді коммуникацияларды  құру алгоритмі, дағдарыстық байланыс және халықпен тиімді кері байланыс орнату тақырыптары бойынша интерактивті пікірталас ұйымдастырып, практикалық кейстерді талдауға ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер жүргізу әдебі бойынша практикалық жұмыстар орын алды.

Семинар барысында қатысушылар өзекті ағымды ақпарат негізінде халықпен және басқа да ұйымдармен тиімді коммуникациялардың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.