Новости

Құрметті қостанайлықтар!

2024 жылғы 6 тамыз күні сағат 17.00де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ашық дәріс өтетінін хабарлаймыз.

Дәрістің тақырыбы: ««Өзіңнен өзің есеп ал». Абайдың он бесінші қарасөзі».

Дәрісті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өтетін күні: 2024 жылғы 6 тамыз

Уақыты: 17.00де

Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория

Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.

Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!