Жаңалықтар

Жыл сайынғы «The Year Awards-2023» салтанатты шара

Кеше дәстүр бойынша Академияның Қостанай облысындағы филиалында жыл сайынғы «The Year Awards-2023» салтанатты шарасы өтті. Ол еліміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. 

Іс-шараның қонақтары ретінде аумақтық департаменттер мен облыстық басқармалардың басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, филиалдың Эксперттік кеңесінің мүшелері, шақырылатын дәріскерлер және жыл қорытындысы бойынша алты номинацияның жеңімпаздары шақырылды. 

Өзімнің құттықтау сөзімде мен барлық серіктестерге филиалмен жемісті ынтымақтастық үшін шексіз алғысымды білдірдім.  

Сондай-ақ шара қонақтары, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев, мемлекеттік қызмет ардагері Тамара Жакупова, Академия түлектері қауымдастығының мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Абай Естекбаев, қалалық мәслихат депутаты Тоты Айтмағамбетова жылы лебіздерін білдірді. 

Филиал ағымдағы жылды ойдағыдай өткізді және жаңа жылда көптеген жетістіктер мен нәтижелерге жетеміз деген сенімдеміз. 

Барша қазақстандықтарды еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен  құттықтаймыз! Еліміздің аспаны ашық, шаңырағы биік болсын! Егемендігіміз мәңгі болсын!