Жаңалықтар

«Development Day»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында білім алып жатқан қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін ағымдағы жылдың 14 қарашасы жарқын оқиғаларға толы әрі ерекше күн ретінде естетінде қалмақ.

Дүниежүзілік жастар күніне және Қазақстан Республикасындағы жастар жылына арналған «Development Day» «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойынынан бастау алды. Курс тыңдаушыларынан құрылған алты топ, Қостанай филиалының, мемлекеттік қызмет департаментінің қызметкерлеріне және алдын ала сұрақтар ұсынған қала тұрғындарына қарсы ойнады.

Ойынның кезеңдері заңдарды ғана емес, өз жерінің тарихын да білуін, адамның жан-жақты дамуын талап ететін күрделі сұрақтардан құралды. Тыңдаушылар Абай Құнанбайұлының, Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы және мифологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, бойларында білім-парасаттарының бар екендігін көрсете білді.

Логикалық ойлауға бағыттылған сұрақтардың ерекше қызығушылық тудырғанын атап өту қажет. Қойылған сұрақтың жауабын «тыңдап қана қоймай, ести білу» қағидасы арқылы табуға болатынына көз жеткіздік. Ойын барысында мемлекеттік қызметшілердің бойларында аталмыш икемділікті арттыра алып, жұмыс барысында қолдана білулері өте маңызды болып табылады.

Ойын тыңдаушылардың әр түрлі білім деңгейлерін көрсетті. Жарыс әр сұрақ сайын қыза түсті. Алайда жеңіске деген ұмтылыс топаралық шешім шығаруда айқын көрінген болатын. Тыңдаушылар арасында сұрақтардың көп бөлігіне дұрыс жауап берген «Білімпаз» тобы жеңіске жетті.

Бұл ерекше күн Қостанай облыстық әкімдігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасындағы жастар жылына арналған концертке қатысумен аяқталды. Жарқын күннің жарқын әсері көпке дейін есте сақталатынына сеніміміз мол.