Филиалдың құрылу тарихы

Қостанай облысы әкімдігінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 қаулысымен «Қостанай облысы әкімдігінің өңірлік орталығы»дербес мемлекеттік мекемесі құрылды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 қаулысымен Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМҚК Қостанай облысы бойынша филиалы болып қайта құрылды.

 

18 жыл ішінде Қостанай облысының және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 19 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілері оқудан өтті.

 

700-ден астам оқыту семинарлары ұйымдастырылып, өткізілді.