Жаңалықтар

2019 жылдың 3 желтоқсанында Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хабтың басқарушы комитетінің Төрағасы Алихан Байменов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы базасында өңірлік мемлекеттік органдардың басшыларымен қонақ дәрісі өткізілді.

Алихан Мұхамедияұлының облыстың мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен өткізген кездесуі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жиырма бес жылдығы қарсаңында маңызы зор оқиға болды.

Алихан Мұхамедияұлы Қазақстанның мемлекеттік қызметін жетілдіру, еститін мемлекеттің концепциясы, мемлекеттік қызметтің имиджі жайлы әңгімелеп, қазіргі таңдағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.  Ұжыммен кездесу кезінде ол академияның Қостанай облысы бойынша филиалына Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хабтың атынан кітаптарды сыйға табыс етті.