Жаңалықтар

«Мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі» біліктілікті арттыру семинары

2022 жылғы 09-11 наурызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында  «Мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті. Негізгі спикер ретінде Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Клопова сөз сөйледі.

Семинарға негізінен ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты  қызығушылық танытқан аудитория жиналды.

Семинарда осы ережелердегі негізгі өзгерістер, олардың арасында — қаржылық орнықтылық көрсеткішін қолдану жөніндегі тәсілдерді қайта қарау, әлеуетті өнім берушінің электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау тәртібін қайта қарау мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің жаңа тәсілдерін айқындау тәсілдері қарастырылды.

Барлық мәселелер бойынша қызу пікірталас өтіп, даулы пікірлер айтылды. Спикер сатып алуды жоспарлауға назар аударды, мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын атап өтіп, мінсіз сатып алу мысалдарын келтірді.

Сабақтар интерактивті пікірталас, практикалық кейстермен тренинг және «мінсіз сатып алу» іскерлік ойыны форматында өткізілді. Сонымен қатар қазақ тілінде ресми жазу және іскерлік хат алмасу дағдыларын дамыту бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер нәтижесінде қызметтерді тұтынушыға бағдарлану, шешім қабылдау, қызметті басқару және мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істей білу сияқты құзыреттерін жетілдірді.