News

Мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу әдістемесінің мәселелері бойынша кездесу

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен бірлесе 2022 жылғы 13 мамырда “Мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу әдістемесінің” жобасын талқылады.

Мемлекеттік қызметтің бюрократиялық моделінен “адамдар ең алдымен” деген адамға бағдарланған модельге көшу трендінде рәсімдерді түбегейлі өзгерту, мемлекеттік қызметтің жеке жауапкершілігі мен жұмыс сапасын күшейту көзделген. Әңгіме бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермейтін рәсімдердің эталондық моделін әзірлеу туралы болды.

Филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман әдістемеде қолданылған негізгі терминдерді, оның мақсаты мен кезеңдерін мысал келтіре отырып баяндады. Өз сөзінде ол әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік қызметшілер мен халыққа жүргізілген сауалнама мониторинг пен бағалау үшін міндетті болып табылатындығын айтып, жоғары сапалы кері байланыс – бұл “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының практикалық көрінісі екендігіне тоқталды.

Қатысушылар осы әдістеменің мазмұны аса өзекті және таяу жылдардағы мемлекеттік органдардың өміріндегі маңызды бағыттардың біріне айналатыны туралы ортақ пікірге келді.