А.ж. 30 мамыры мен 01 маусымы аралығында @kostanay.apa.kz-те «Мемлекеттік органның қаржы ресурстарын тиімді басқару құралдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар Қазақстан Республикасының қаржы саласында зор практикалық тәжірибесі бар кәсіби дәріскер Нурия Ашированың қатысуымен болды.
Семинар барысында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы және құжаттарының декомпозициясы, әлеуметтік-экономикалық дамуды стратегиялық болжау және жоспарлау, бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу қағидалары, мемлекеттік органның қаржы ресурстарын тиімді басқару құралдары секілді өзекті тақырыптар қаралды.
Семинар барысында тыңдаушылар пікір алмасып, мемлекеттік органның қаржы ресурстарын тиімді басқарудың практикалық ұсыныстарын әзірлеуге қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің семинарда алған білімдері олардың кәсіби құзыреттілігі мен қаржы ресурстарын басқарудағы тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.