Өткен жұмада біздің филиалда “Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері” біліктілікті арттыру семинарларының үшінші легі аяқталды.
⠀
Бес күн бойы облыс депутаттары өздерінің білімдері мен құзыреттіліктерін жетілдіріп, тиімді депутаттық қызметті жүзеге асырудың практикалық құралдарымен танысқан болатын. Семинар барысында тыңдаушылар әріптестерімен тәжірибе алмасып, жұмыста кездесетін кейстерді талдады.
⠀
Тыңдаушылар семинарды ұйымдастыру мен оқыту сапасы жағынан жоғары бағалады (тиісінше 97,2% және 98%), ал алған білімдерінің қолданылуы, яғни практикалық құндылығы жағынан 98% пайызды құрады.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың соңына дейін Филиалда осындай семинарлардың тағы екі легі жоспарлануда.