Жаңалықтар

«Мемлекеттік органдардағы кадрлық басқарудың стратегиялық құралдары» семинары

Қазақстанда Мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу кадрлық басқарудың процестеріне көзқарастар мен адам ресурстарын басқару құралдарын жаңартуды талап етеді. Мемлекеттік аппаратты оңтайландыру үдерістері жүріп жатыр, олар мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттырумен қатар жүруі тиіс.

Осыған байланысты 2022 жылғы 7-9 қараша аралығында біздің филиалда «Мемлекеттік органдардағы кадрлық басқарудың стратегиялық құралдары» атты семинар өтті.

Тыңдаушылар адам ресурстарын басқару технологиялары мен мемлекеттік органдарды басқару қызметінде HR менеджмент құралдарын қолдану туралы білім алды.

Семинар мемлекеттік қызметкерлердің алынған білімдерін өз қызметінде қолдану жөніндегі идеяларын қорғаумен аяқталды.