Жаңалықтар

«Өңірлік саясат: әлеуметтік әріптестік және Қостанай облысының дамуындағы ҮЕҰ рөлі» атты Development Day

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметкерлер үшін қайта даярлау курстары тыңдаушыларының қатысуымен «Өңірлік саясат: әлеуметтік әріптестік және Қостанай облысының дамуындағы ҮЕҰ рөлі» атты Development Day өтті.

Спикерлер ретінде «Neco» экологиялық кубы қоғамдық қорының жетекшісі, Қостанай облысының экоактивисті Наурызбек Бирмагамбетов және Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асланбек Темиров сөз сөйледі. Олар халық, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өзара ынтымақтастық нәтижесінің нақты мысалдарын айқын суреттелген кейстер туралы айтып берді.

Кездесудің негізгі идеялары:
ҮЕҰ-ның мемлекеттік ұйымдармен әлеуметтік әріптестігі халықтың нысаналы топтарының қажеттіліктерін негізге ала отырып, өңірдің әлеуметтік маңызды мәселелерін нақты шешуге мүмкіндік береді;
ҮЕҰ көшбасшылары мемлекеттік органдар үшін өз саласының сарапшылары болып табылады, сондықтан олармен ресми емес серіктестік орнату маңызды;
ҮЕҰ мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін іске асыру үшін ресурстық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Мысалы, Асланбек Темиров бейінді қоғамдық қорлардың халықты өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелерінде қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Наурызбек Бирмагамбетов балалардың экологиялық тәрбиесін дамытуға (қоқысты бөлек жинау, экоактивизм мен эковолонтерлікті дамыту және т.б.) елеулі үлес қосқан жобалар туралы айтып берді.

Тыңдаушылар курстардың оқу бағдарламасы барысында әзірленіп жатқан жобаларға қатысты спикерлерден сараптамалық кеңес алу мүмкіндігін жіберіп алған жоқ.

Бұл кездесу қызықты, танымды және пайдалы болды. Алдағы уақытта да біз өз тыңдаушыларымызды ҮЕҰ-ның жарқын көшбасшыларымен және олардың қызметімен таныстыратын боламыз.