Үлкен деректермен жұмыс істей білу, осы деректерден жұмысқа немесе адамдарға пайда алу, деректерді өңдеу үшін қандай құралдарды қолдану керек және процестерді қалай автоматтандыру керек – бұл деректерді талдаумен айналысатын мамандарды алаңдататын мәселелер.
⠀
Кеше @apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалында талдамалық құжаттарды дайындау саласында кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды арттыруға ұмтылатын тыңдаушылар үшін «Data science және деректерді талдау» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
⠀
Жаттықтырушы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының профессоры Сәуле Искендирова шақырылды.
⠀
Семинар барысында тыңдаушылар жаттықтырушымен бірге аналитикалық құжаттардың түсінігі мен құрылымын талдап, электрондық кестелер мен диаграммалардағы мәліметтермен жұмыс істеуге, Microsoft Excel бағдарламасында бақылау тақталарын құруға үйренді.
⠀
Алынған барлық білім мен дағдылар практикалық тапсырмалар мен кейстерді орындау арқылы бекітілді.
⠀
▫️Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқыту сапасына және семинарды ұйымдастыруға қанағаттанушылықты 100% бағалады.