Кеше ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы өкілдерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.
⠀
Іс-шараның спикері Рурдағы Френденберг қаласының бұрынғы мэрі Фридрих Реббе сөз сөйледі. Ол басқарған қаланың мысалында Германиядағы жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерімен бөлісіп, қатысушыларды жалпы елді басқару процесінің маңызды сәттерімен таныстырды.
⠀
Қостанай өңірінің магистранттары Жұлдыз Ілиясова мен Дауылбай Сакетов осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға пайдалы кездесу үшін алғыс білдірді.