Жаңалықтар

“Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары

Биылғы жылы “Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының соңғы легі аяқталды.

Курс бағдарламасы екі “Даму күнін” қамтыды, олар келесі тақырыптарға арналды:

«Өңірлік саясат: әлеуметтік әріптестік және Қостанай облысының дамуындағы ҮЕҰ рөлі»;

«Қазақ даласының ұлы адамдары: А. Байтұрсынов», А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған викторина.

Тыңдаушылар курстағы жарқын сәттердің бірі ретінде өткен мотивациялық кездесуді атап, онда берілген ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы, ПЖКР және басқа да көптеген даму және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы ұсынылған ақпараттың өздері үшін құндылығы мен келешекте тұлға ретінде қалыптасуларына қажеттілігін атады.

Сонымен қатар, оқу барысында тыңдаушылар 6 жоба әзірлеп, қорғауға ұсынды, оның бесеуі емтихан комиссиясының шешімімен «А» шегінде бағаланды.

Филиалдың облыстық жобалар конкурсына қатысуға келесі үш үздік жоба таңдалды:

«Барлығына арналған спорт – жылдамырақ, жоғарырақ, күштірек»;

«Мәңгілік»;

«Geo Vita — эко және биологиялық ыдырайтын ыдыс».

А.ж. 29 қарашасынан бастап жобалар байқауының материалдарын Facebook, Instagram, YouTube каналдарындағы филиал беттерінен қарап, үздік жобаларға дауыс берулеріңізге болады.