Жаңалықтар

«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?» семинар тындаушыларына арналған қонақ дәріс

Бұл сұрақтың жауабын спикер Несібелі Басеновамен қонақ кездесуде семинар тыңдаушылары қарастырды. Несібелі Басенова айрықша әйел, «Отбасы HELP» әлеуметтік жобасының жетекшісі, Қостанай облысы Әйелдер күштері альянсының Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Қоғамдық бақылау» РҚБ филиалының директоры, «Қостанай облысы балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы. Сонымен қатар ағымдағы жылғы 8 наурыз қарсаңында Несібелі Зариванқызы «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жылдың үздік жобасы» номинациясында «Аруана» Президент Әкімшілігінің жобасы бойынша ҚР Президентінің қолынан сыйлыққа ие болды.

Өңірімізде осындай айрықша әйелдер бар екеніне қуаныштымыз! Семинар тыңдаушылары үшін бұл ерекше кездесу болды. Өйткені әрқайсысының жеке өмірі мен еңбегінің пайдалы коэффициенті өмірінің негізгі салаларындағы қарым-қатынастарды қаншалықты теңестіре алатындарына тікелей байланысты.