Жаңалықтар

«Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» біліктілікті арттыру семинары

Адам ресурстарын басқару мәселелері басым және әрқашан өзекті болып табылады, әсіресе мемлекеттік қызметте. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар Мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңда HR саласында жаңа технологиялар мен білімді арттыру және Мемлекеттік қызметке үздік мамандарды тарту өте маңызды. 

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Академия филиалында «Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» біліктілікті арттыру семинары аясында түсіндірілді. Семинар ағымдағы жылдың 10-12 сәуір аралығында ұйымдастырылды. 

Тыңдаушылар адам ресурстарын басқару технологиялары, мемлекеттік органдардың басқару қызметінде HR менеджмент құралдарын қолдану туралы білім алды. 

Семинар материалдары өзекті және пайдалы болды, бұл туралы қатысушылар кері байланыс сауалнамасында бөлісті және оқыту сапасына да, семинарды ұйымдастыруға да 100% қанағаттанғандығын атап өтті.