Кеше Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізді.
⠀
Қатысушыларға Академияға оқуға қабылдау ережелері, оның ішінде құжаттарды қабылдау тәртібі, конкурстық іріктеу кезеңдері, магистратура мен докторантураға қабылдау, үміткерлерге қойылатын талаптар, Академияда оқу мүмкіндіктері мен перспективалары түсіндірілді.
⠀
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсу үшін магистрлік бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл және докторлық бағдарламалар үшін кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, оқуға құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады.
Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия
