ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың мемлекеттік қызмет еріктілері арасындағы жиынға ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысты.
⠀
Іс-шара өткен жұма күні “Жайлау” демалыс базасының аумағында мемлекеттік қызметшілер күні мен мемлекеттік қызмет органдарының 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
⠀
Аталмыш іс-шараға облысымыздың мемлекеттік қызметшілері арасынан 100 ерікті қатысты.
⠀
Жиын Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтің, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың және өңірлік Мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшысы Ерлан Салықбаевтың құттықтау сөздерімен басталды.
⠀
Жиын қатысушылары үшін түрлі салаларында еріктілік тақырыбтарында тренингтер мен өзара іс-қимыл алаңдары өткізді. Қатысушылар топтарда жұмыс істей отырып, Қостанай облысында еріктілікті дамытуға бағытталған идеялармен алмасты.
⠀
Тренингтер мен топтық жұмысты ЮНИСЕФ Қазақстан волонтерлік бағдарламаларының және Ұлттық волонтерлік желінің басшысы Александра Крашинина, “Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы” ММ басшысының орынбасары Абылайхан Кәкенов, Қостанай облысының “ГрИн” Азаматтық Альянсы ҚҚ мүшесі Вагин Юрий, VI, VII сайланған облыстық мәслихат депутаты, Қостанай облысы әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Гүлмира Капенова жүргізді.
⠀
Филиалымыздың директоры Ақерке Бекахметова корпоративтік еріктілікке бағытталған топқа жетекшілік етіп, сол бағытта еріктілікті жүзеге асырудың жолдарын талқылап, қатысушылармен ортақ ұсыныстар әзірледі.
⠀
Жиін волейбол және арқан тарту спорттық жарыстарымен аяқталды.
Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың мемлекеттік қызмет еріктілері арасындағы жиын
